Жаңалықтар

2013-08-23
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры сайланды

Астана, "АШҚ)Қ" АҚ баспасөз қызметі - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы 2013 жылғы 19 тамыздағы №51 шешімімен Машабаев Азат Еркінұлы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып сайланды.

2013-08-16
Қор энергияның балама көздерін пайдалану құралдарын сатып алуды қаржыландырады

Астана, "АШҚҚҚ" АҚ баспасөз қызметі - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ауыл кәсіпкерлеріне бөліп-бөліп төлеуге сату үшін энергияның балама көздерін пайдалану бойынша отандық құралдарды сатып алуды бастайды. Пилоттық қаржыландыру Ақтөбе облысында Ислам Даму Банкімен біріккен «Мурабаха» несие өнімі шеңберінде жүзеге асырылады.

2013-08-12
Асыраушы саланың әлеуеті

Қызылорда, "Түркістан" - Сыр елі шаруаларына тән егін мен мал шаруашылығы қала мен оған қарасты ауылдарда да ертеден қалыптасқан. Өткен алты айдың өзегінде бұл саланың өнімі 426,6 млн теңгені құрап отыр. Ебін тапқанға "Сыбағаның" да сыйы аз емес. Осы бағдарлама аясында есепті кезеңде «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы 4 шаруа қожалығы 20 млн. 500 мың теңге несие алып, ет бағытындағы асыл тұқымды және аналық мал басын арттырды. Ендігі меже жыл соңына дейін шаруа қожалықтарына 24 млн. теңгеге дейін несие жеткізу.

2013-08-08
Игілікті істер

Талдықорған, "Жетiсу" - Былтыр аталған халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 жас маман түрлі мекеме, кәсіпорындарға жастар тәжірибесіне жіберіліп, солардың ішінен 23-і тұрақты жұмысқа орналасып кетті. Биылғы 6 ай аумағында 16 жас маман жастар тәжірибесіне жіберілді.

2013-08-07
Қостанай облысында мал шаруашылығына арналған құрал-жабдық пен техниканың ауқымды көрмесі өтеді

Астана, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі - 2013 жылдың 8 тамызында (11.30-да) Қостанай облысы Қарасу ауданы Восток ауылында отандық асыл тұқымды ірі қара мал мен қой сатуға арналған «KARASU Farm-2013» аукционы аясында мал шаруашылығына қажетті құрал-жабдық пен техниканың ауқымды көрмесі өтеді. Іс-шараларды ұйымдастырушы - «ҚазАгро» ұлттық холдингісінің еншілес компаниясы «Қазагромаркетинг» АҚ.

2013-08-06
Генетикасы құнды отандық ірі қара мал мен қой «Қазагромаркетинг» өткізетін аукционда сатылады

Астана, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі - 2013 жылдың 8 тамызында Қостанай облысы Қарасу ауданы Восток ауылында өтетін «KARASU Farm-2013» аукционында отандық асыл тұқымды ірі қара мал мен қой сатылатын болады. Аукционды ұйымдастыратын - «ҚазАгро» ұлттық холдингісінің еншілес компаниясы «Қазагромаркетинг» АҚ.

2013-08-05
Бордақылаудың бабын біледі

Шымкент, "Оңтүстік Рабат" - Шаруалар жиында бордақылаудағы түйткілді мәселелерді ортаға салып, білген түйгендерімен бөлісті. Шаруа қожалығындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, бордақылау технологиясын тәжірибеде қолданып көрді. Сонымен қатар, сабақ. барысында «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруашылықтарды қаржыландыру жолдары да түсіндірілді, Айта кетейік, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ірі қара мал сатып алуға 1 млн теңгеден 8,5 млн теңгеге дейін несие беріледі. Несиенің мерзіміне келсек, 7 жылға дейін, пайыздық үстемесі - 6%.

2013-08-01
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы жаңа бағдарламасы бойынша жұмыс жасауда

Қызылорда, "Ақмешiт апталығы" - Елбасы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Казақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту - 2020 жол картасының паспорты әзірленіп, үш бағыт аясында жұмыстар жүргізуге бағытталды.

2013-07-31
Өз кәсібіңді ашуға үлкен мүмкіндік береді

Ақтау, "Маңғыстау" - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында өз кәсібін ашуға, кәсібін кеңейтуге, ауыл тұрғындарына жылдық 6% сыйақымен 3 млн. теңгеге дейін шағын несие беріп келеді.

2013-07-29
«ҚазАгро»: 2013 жылдың бірінші жарты жылдық қызметінің нәтижелері

Астана, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі - 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында «ҚазАгро» ұлттық Холдингі аграрлық секторды қолдауға 105 млрд.теңгеден астам қаражат бағыттады, оның АӨК субъектілерін несиелеуге Холдингпен 92 млрд.теңгеден астамы бөлінді.

Тиімді сілтемелер